Әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы бойыша практикалық конференция



Әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы бойыша практикалық конференция

24 сәуірде Қостанай жоғары медициналық колледжінің конференц-залында Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына арналған әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы бойынша практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына 1 курстың 10 тобы, топ кураторлары және келесі құрамда сараптама комиссиясы қатысты: директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Е.А.Русинова, бөлім меңгерушісі, арнайы пәндердің оқытушысы О.С.Стокоз, жастармен жұмыс жөніндегі педагог-ұйымдастырушы Б.К.Сулейменова.

Өздерінің жобаларын қорғау үшін студенттер презентация дайындап, жобаны жүзеге асыру аясындағы нақты нәтижелерін көрсетті, әрбір баяндамашы сөзін аяқтағаннан кейін конференция қатысушылары сұрақтар қойды.

Ұсынылған жобалар:
1. 101 Фармация- «Одно очень доброе и очень важное дело» (28 петель)
2. 101 Мейіргер ісі- «Бірге»
3. 101 Лабораториялық диагностика- «Согреем души и сердца» группа
4. 103 Мейіргер ісі- «Помощь ветерану ВОВ»
5. 104 Мейіргер ісі- «Дари улыбку»
6. 101 Емдеу ісі- «Студенческое радио МЕДФМ»
7. 102 Мейіргер ісі – «Правильное питание - залог здоровья и долголетия»

Сараптама комиссиясы ұсынылған барлық жобалардың маңызды екендігін айтып, бұдан да көп студенттерді жұмылдыру мақсатында жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ