«Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтар фестивалі



«Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтар фестивалі

Қазақстандағы жастар жылы аясында «Өрлеу» Қостанай филиалы 2019 жылдың 18 сәуірінде жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтарының кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтар фестивалін ұйымдастырды.

Фестиваль жас педагогтардың шығармашылық потенциалын ашу, кәсіби белсенділігі мен азаматтық бастамасын дамыту, жас педагогтардың кәсіби және әлеуметтік бейімделу үрдісін жылдамдатуға жәрдемдесу мақсатында өткізілді.

Біздің колледждің атынан фестивальге химиялық пәндердің оқытушысы А.Ж.Кужахметова қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға «Давайте познакомимся» шығармашылық тапсырма және тәжірибемен алмасу алаңында жұмыс ұсынылды. Іс-шараның соңында фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ