Studenvision



Studenvision

18 сәуірде «Мирас» мәдениет үйінде кең көлемдегі көңілді іс-шара «Studenvision» ән мен би конкурсы өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы Қостанай педагогикалық колледжі болды, бұрын педколледж бұндай іс-шараны тек өздерінің колледждерінің аясында ғана өткізетін. Осы жылы ұйымдастырушылар конкурстың аясын кеңейтіп, Қостанай жоғары медициналық колледжі мен Қостанай индустралдық-педагогикалық колледжінің студенттерін де шақырды.

Біздің студенттер: колледждің атынан Юлия Хан және Байтурсунов Султан «Вокал» номинациясында, «Адреналин» командасы хореография номинациясында өнер көрсетті.

Конкурстың бағдарламасы өте әсерлі ұйымдастырылған: әрбір қатысушы әртүрлі елдердің туымен шығып, видероликтер көрсетті, ерекше қойылымдар, жанды дауыста ән айтылды. Біздің вокалистер Үнді елін, ал би ұжымы Бразилия елін ұсынды. Конкурсқа барлығы 14 вокл және хореографиялық қойылымдар қатысты. Біздің студенттер жақсы өнер көрсетті. Юлия мен Сұлтанды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз. Олар қатысушы сертификатына ие болды. Құрамында: Зилгаринов Зейнел, Галич Анастасия, Шавриков Артем, Олексенко Маргарита, Гейко Артем және Усова Мария болған «Адреналин» командасы 3 орынға ие болды!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ