«Заманға сай білім технологиялары мемлекеттік білім беру стандарттарды табысты орындаудың шарты ретінде» техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық семинары



«Заманға сай білім технологиялары мемлекеттік білім беру
стандарттарды табысты орындаудың шарты ретінде»
техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі
беру ұйымдарының облыстық семинары

2019 жылдың 17 сәуірінде Қостанай жоғары медициналық колледжі базасында «Заманға сай білім технологиялары мемлекеттік білім беру стандарттарды табысты орындаудың шарты ретінде» техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық семинары өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты: қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша тәжірибемен алмасу және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде практикаға бағытталған мамандарды даярлау. «Пәнаралық бірігу студенттердің кәсіптік құзыреттерін қалыптастырудың негізі ретінде» тақырыбы бойынша озық педагогикалық тәжірибе көрсетілді.

Семинардың теориялық бөлігінде Қостанай жоғары медициналық колледжінің практика меңгерушісі И.Е.Романюк, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы Е.Т.Риженко, Арқалық медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы В.А.Алтаева, Қостанай жоғары экономикалық колледжінің қолданбалы бакалавриат бойынша эксперименттік бағдарламалар кафедрасының жетекшісі А.С.Бекетова сөз сөйледі. Қостанай жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы С.В.Шулейко озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға «Пәнаралық бірігу студенттердің кәсіптік құзыреттерін қалыптастырудың негізі ретінде» тақырыбына баяндаманы ұсынды.

Практикалық бөлігінің барысында семинардың қатысушылары ашық практикалық сабақтар және мастер-класстар көрсеткен болатын.

Іс-шараның қорытындылары бойынша барлық сөз сөйлегендерге Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы атынан алғыс хаттар табыс етілді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның жоғары деңгейін және ТжКОБКБ жүйесінде мамандарды даярлаудың өзекті сұрақтары бойынша тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ