«Дәмді және пайдалы» акциясы



«Дәмді және пайдалы» акциясы

2019 жылдың 5 сәуірінде «Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы» Ұлттық бағдарламасының аясында колледжде «Дәмді және пайдалы» акциясы өткізілді. Колледждің асханасында әрбір қалаған адам тегін дәм татуға болатын дұрыс тамақтану тағамдары орналастырылды. Тағамдардың алуан түрлілігі қатысушыларды таң қалдырды. Барлық тағамдар көп дәрумендер мен минералды заттардан тұратын көкеністер мен жемістерден жасалған: жеміс желесі, ірімшік-сәбізден жасалған суфле, күрішпен алма, сәбіз қосылған картоп орамасы және т.б. Аталған іс-шара колледж директоры С.А.Катпенованың бастамасымен өткізіліп, акция барысында студенттерге тиімді, үйлесімді тамақтанудың маңызы жайында айтып берді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ