Ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту



Ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту

Әлеуметтік серіктестік аясында 2019 жылдың 27 наурызында ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК-нің директоры С.А.Катпеновамен дәрілік заттар мен медицинада тағайындалған бұйымдарды сатуды ұйымдастыру саласындағы Қазақстандағы көшбасшылардың бірі «СТОФАРМ» ЖШС директоры Жуманов Бауыржанмен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалынды. Аталған келісім шарт ағымдағы жылдың 11 наурызында өткен «Ынтымақтастық нысаны - қызметті бірлесіп жоспарлау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің қорытындысы болды.

Ынтамақтастық аясындағы алғашқы іс-шаралардың бірі «Фармация» мамандығының 3 курс студенттерінің дәріханалық қоймасына барулары болды. Дәріханалық қойманың жетекшісі өндірістік бөлмелер мен аймақтар бойынша экскурсия жүргізді: тауарды қабылдау, сақтау, іріктеу және жинау. Студенттер дәріханалық қойманың қызметімен танысып, сапа, саны, бағасы бойынша жеткізушілерден ДШ мен МТБ қабылдау; атауы, саны, сериясы бойынша тауарларды іріктеу; мекенжай жүйесі және тауарды жинау жүйесінің ережесін; физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып ДШ мен МТД сақтауды ұйымдастыру және температуралық режимді сақтау; тауарды тасымалдауды қадағалау үрдісін көру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда «СТОФАРМ» ЖШС озық ақпараттық және логистикалық технологияларды қолдануының арқасында қысқа уақытта күн сайын 1200 куб метрге дейін және тауарлардың 1500 атауларын қабылдап, өңдейді.

301 «Фармация» тобының кейбір студенттері осы кездесу барысында болашақ кәсіби қызметіне байланысты нақты шешім қабылдады. 2019 жылдың мамырынан бастап осы топтың бітіруші студенттері «Фармация экономисы және басқару» бөлімі бойынша өндірістік практикадан өтуге жіберіледі.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ