ҚЖМК-дегі ашық есіктер күні



ҚЖМК-дегі ашық есіктер күні

26.03.2019 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Ашық есіктер Күні» өтті. Білім беру мекемесінің есігі қалаған адамға ашық болды.

Осы күні қала мен облыстың сексеннен астам оқушылары біздің колледжге қонаққа келді. Олар үшін колледждің әкімшілігімен кездесу, экскурсия, пәндер бойынша компьютерлік тестілеу, мастер-класс, ақпараттық материалдар үлестіру және психометриялық тестілеу ұйымдастырылды.

Әкімшілікпен кездесу барысында оқушылар мен олардың ата-аналары талапкерлерге байланысты, оқуға түсу жайында, мамандықтардың тізімі жөнінде толық ақпаратқа ие болды.

Мектеп оқушылары біздің колледжге оқуға түсуге қызығушылықтарын білдіруде, ал олардың ата-аналары оқуға түсу жайында ғана емес, сонымен қатар дайындық бағыты жайында толық ақпарат алып, барлық мамандықтардың студенттерімен әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды.

Ашық есіктер күнін ұйымдастырып, өткізуге көмектескен колледждің арнайы пәндерінің оқытушыларына және 202 «Емдеу ісі» тобының студенттеріне алғыс білдіреміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ