Наурыз Көктемге қалай үйленді!
Басты -> Жаңалықтар -> Наурыз Көктемге қалай үйленді!
2019 жылдың 20 наурызында Қостанай жоғары медициналық колледжінің еріктілері №5 орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп Наурыз мерекесін қарсы алды!
Еріктілер оқушыларға арнап «Наурыз Көктемге қалай үйленді» атты театрланған-ойын композициясын дайындады, барлық оқушылар басты кейіпкер Наурызға барлық ынталарымен көмектесіп, ханның талаптарын орындап, қызы Көктемге үйленуге жәрдемдесті.
Балалар жарыстарға қатысты: шар үрледі, асық ойнап, арқан тартысты және өздерінің таланттарын көрсетіп би билеп, ән айтты.
Іс-шара ертегі тәрізді аяқталды: жақсылық зұлымдықты жеңді!