Информатика бойынша олимпиада



Информатика бойынша олимпиада

2019 жылдың 11 наурызынан 18 наурызы аралығында жалпы кәсіптік пәндердің ЦӘК онкүндігі аясында оқытушылар М.М.Каратаева және Г.Р.Халбаева колледж оқытушылары арасында информатикадан олимпиада өткізді.

Олимпиада үш кезеңнен болды:

I кезең – іріктеу кезеңі 11.03.2019 ж. (қатысушылар MyTest бағдарламасының көмегімен компьютер арқылы тестілеуден өтеді).

Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен табысты өткен қатысушылар жіберіледі.

II кезең – компьютерде практикалық тапсырмаларды орындау 13.03.2019 ж. (қатысушылар Word, Excel, PowerPoint бағдарламарында практикалық тапсырмаларды орындайды)

Үшінші кезеңге екінші кезеңнен табысты өткен қатысушылар жіберіледі.

III кезең – финал 18.03.2019 ж., kahoot web-ойыны түрінде өткізілді, келесі санаттар бойынша
* Информатика және геометрия
* Информатика және пәтердегі заттар
* Анаграммалар
* Клавишалар

Қатысушылар өмірде, жұмысында, медицинада ақпараттық технологияларды қолдануы жөніндегі презентацияларын ұсынды. Олимпиадаға барлығы 24 оқытушы қатысты.

Олимпиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды:

I дәрежелі диплом 
Манукян Альфия Раисовна 

II дәрежелі диплом
Рышманов Арман Булатулы және Лапатиева Ксения Юрьевна

III дәрежелі диплом
Сабирова Гульмира Уагизкызы және Бозян Наталья Васильевна

 Жеңімпаздар колледж КӘСІПОДАҒЫНЫҢ атынан дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ