ҚЖМК-нің 90 жылдығына арналған педагогикалық олимпиада
Басты -> Жаңалықтар -> ҚЖМК-нің 90 жылдығына арналған педагогикалық олимпиада
14 наурызда Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына арналған педагогикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтті, оған бес оқытушы қатысты: Амренова Ж.Т., Кубетаев А.С., Каратаева Х.С., Ларькова А.О., Нурмаганбетова Г.С.. Олимпиаданың барысында оқытушылар «Мен - медициналық колледжінің оқытушысымын» тақырыбында презентация көрсетті, оқу сабағының әзірлемесін дайындап, педагогикалық жағдайларды шешті. Әділ қазылар құрамында болған А.А.Жарматова, И.Е.Романюк, Е.Ю.Шестакова келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады: 1 орын – Ларькова А.О., 2 орын – Кубетаев А.С., 3 орын – Нурмаганбетова Г.С. жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.