Алғыс айту күні



Алғыс айту күні

1 наурыз - ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен пайда болған алғыс айту күні. 2016 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан ұсынысы тұрғындардың арасында кең қолдауға ие болды. Бұл мерекені атап өту қазақстандықтарға бірден ұнады.

Осы күнді атап өту аясында 1 қабатта экспресс-пошта жұмыс істеді, колледж қызметкерлері мен студенттері хат арқылы бір-біріне өздерінің алғыстарын білдірді.

Осы күні 104 «Мейіргер ісі» тобының студенттері №1 Емханада «Улыбнись и не болей» акциясын өткізіп, өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын пациенттерге үлестірді.

Аталған қайырымдылық істі 101 «Лабораториялық диагностика» тобының студенттері жалғастырды, олар «Согреем души и сердца» акциясының аясында қаланың көшелеріне шығып, тұрақты мекенжайлары жоқ жандарға ыстық шәй мен бауырсақтар ұсынды.

Осы күні алғашқы рет колледжге кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілері келді, балалар үшін экскурсия, мерекелік концерт ұйымдастырылып, әрбір бала тәтті сыйлық пен студенттердің қолдарынан шыққан сувенирлер алды!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ