Әйет ауылындағы «Мамандық жәрмеңкесі»


Әйет ауылындағы «Мамандық жәрмеңкесі»

19.02.2019 ж. ҚЖМК үгіттеуші бригадасымен бірге «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» базалық бағытын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған Әйет ауылындағы «Мамандық жәрмеңкесіне» барып қайтты.

Жәрмеңкенің ашылуы Е.Өмірзақов атындағы АМҮ-де өтті, оған 12 университет пен колледж өкілдері шақырылған.

Әрбір оқу орнының өкілдері мамандықтар тізімі, оқу және оқудан тыс іс-шаралар жайында, ал студенттер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, музыкалық нөмірлер көрсетті.

Қорытынды кезеңі көрсе болды, әрбір колледж, университет өзінің көрмелік материалдарын көрсетіп, оқушылар мен ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Оқушылардың арасында медициналық бағытта оқуға түсуді қалайтындары болды, ата-аналар өз кезектерінде студенттерге және оқытушыларға өз сұрақтарын қойды.

Кәсіптік бағдар жұмысының соңында оқушыларға талапкерлерге арналған толық ақпарат жазылған буклеттер ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ