Патронаж мейірбикелері мен фельдшерлерге арналған «Жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап озық үлгісі» бағдарламасы бойынша оқыту


Патронаж мейірбикелері мен фельдшерлерге арналған
«Жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет
көрсетудің әмбебап озық үлгісі» бағдарламасы бойынша оқыту

Қостанай жоғары медициналық колледжінде 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап патронаж мейірбикелері мен фельдшерлерге арналған «Жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап озық үлгісі» бағдарламасы бойынша оқыту басталды.

ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі бірлесіп үйде патронаждаудың әмбебап озық үлгісі жобасын енгізу көзделген. Әмбебап-озық үлгінің негізгі мақсаты - ата-анасымен тығыз байланыста ерте жастағы балалардың денсаулығын нығайту және қорғау.

Әмбебап озық үлгі ұзақ жылдар бойы және әртүрлі жағдайларда өзінің артықшылығын дәлелдеді. Үлгі бала мен нәрестенің өлімін, шала туылғандарды және аурушаңдықты азайтуға бағытталған. Үйде қызмет көрсету баланың жан-жақты дамуына, балалар жарақатын азайтуға, отбасындағы өзара қарым-қатынасты күшейтуге әсерін тигізеді. Сонымен қатар аталған үлгі денсаулық сақтау қызметі мен әлеуметтік қорғаныстан шектелген әлеуметтік осал отбасыларын қамтиды.

Патронаждау мейірбикесі тек қана балаға дұрыс күтім көрсетуді үйретіп қана қоймай, сонымен қатар пайда болатын аурулардың алдын алады. Патронаждау мейірбикелері жүктілік кезеңінен баланың бес жасына дейін бала мен ананың мұқтаждықтарына көңіл бөледі.

Аталған оқытудың мақсаты жаңа туған нәресте мен ерте жастағы балалардың денсаулығын бағалау, емшекпен емізуді қолдау және нәрестені дұрыс тамақтандыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін нығайту, баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуын ескере отырып, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың сұрақтарына кәсіби кеңес беру дағдыларын жақсарту болып табылады.

Тыңдаушыларды оқыту екі кезеңнен тұрады: базалық 5 күндік тренингтен және 5 күндік «Жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап озық үлгісі» тақырыбы бойынша кеңейтілген тренингтен.

2 кезеңнен өтіп, әрбір тренингтен өткеннен кейін ғана оқыту аяқталды деп есептеледі және сертификат беріледі. 

Аудиториялық жұмысқа АСМК деңгейінде жүкті әйелдерді және ерте жастағы балаларды патронаждаудың әмбебап-озық үлгісі бойынша ақпараттар бар ЮНИСЕФ-тың 16 үлгісін теориялық оқыту кіреді.  

Практикалық бөлімде тренингтер, жағдаяттық тапсырмалар мен проблемалық тапсырмалар орындалады. Практикалық дағдыларды бекіту үшін емханалардың базаларында

Оқытуды сертификатталған жаттықтырушылар өткізеді.

 







«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ