Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90-жылдығына арналған «Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы «Үздік акушер-2019» халықаралық конкурсы


Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90-жылдығына арналған
«Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші курс
студенттері арасындағы «Үздік акушер-2019» халықаралық конкурсы

2019 жылдың 15 ақпанында Қостанай жоғары медициналық колледжінің базасында Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90-жылдығына арналған «Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы «Үздік акушер-2019» халықаралық конкурсы жүргізілді, оған Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының медициналық колледждерінен 11 студент қатысты.

Осы конкурс «Акушер (ка)» біліктілігімен болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерінің сапасын бағалау мақсатымен, медициналық колледждердегі түлектердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізілді.

Конкурс ашылғанда сөз сөйледі: Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Слободенюк Екатерина Борисовна, «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қостанай филиалының төрайымы Татьяна Борисовна Булгацевич, техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі кадрларды даярлау саласында серіктестікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту секторының меңгерушісі Исмагилова Марина Абаевна.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын тәуелсіз әділ-қазылар алқасы бағалады, оның құрамына Қостанай облысының практикалық денсаулық сақтаудың өкілдері енді:
1. Молдабаева Камила Хамитовна, төрайым «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК дәрігер акушер-гинеколог.
2. Чадова Ирина Владимировна, «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК бас акушері
3. Каленова Багитжамал Аскаровна, «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК аға акушері
4. Шелеманова Наталья Ивановна, «Рудный қалалық аурухана» КМК жалпы ауруханалық қызметкерлердің аға акушері
5. Куанова Акшагуль Исмуратовна, «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК жаңа туылғандардың патологиясы бөлімшесінің аға мейірбикесі.

Конкурстың ережесіне сәйкес қатысушыларға 3 тур ұсынылды: визитка, оның барасында акушер кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын және өз қөзқарастарын ұсынды. Екінші кезең – теориялық «Акушерлік калейдоскоп». Қатысушылар таңдаған салалар бойынша блиц-турнирдың сұрақтарына жауап берді: анатомия және акушерліктегі физиология, акушерліктегі фармакология, акушерліктегі зерттеу тәсілдері, акушерлік терминология, акушерлікте және гинекологияда қолданылатын хирургиялық аспаптар , оларды қолдану.

Конкурстың практикалық кезеңі симуляциялық орталықта жүргізілді. Тапсырмалар фантомдарда және симуляциялық жабдықтауда манипуляцияларды орындауға және стандартталған науқаста кәсіптік тапсырмаларды шешуге бағытталған.

Әділ-қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың коммуникативті дағдыларының жоғары қалыптасқан деңгейлерін атап өтті, конкурсқа қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларды ойдағыдай шешті, жүктілік мерзімін және босану күнін анықтаған және гигиена, тамақтану, босану кезіндегі өзін өзі ауыртпаю бойынша жүкті әйелге ұсынастарды дұрыс атап өткен.

Әділ-қазылар алқасының жұмыс қорытындылары бойынша конкурстың жүлдегерлері және жеңімпаздары анықталды. 1 дәрежелі дипломмен Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенті марапатталды. 2 дәрежелі дипломға Қорған базалық медициналық колледжінің студенті Ярцева Алена ие болды. Конкурстағы 3 орынды Атырау медициналық колледжінің студенті Байтугел Маншук және Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенті Ахметова Салтанат бөліп алды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ