"Жизнь без рака!" акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> "Жизнь без рака!" акциясы
2019 жылдың 12 ақпанында Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күресу күресу Күніне арналған "Жизнь без рака!" акциясы өткізілді. Аталған акцияның басты мақсаты салауатты өмір салтына көзқарастарын қалыптастыру, жоғары еңбек және әлеуметтік белсенділікті сақтау, денсаулықты нығайту, мінез-құлықтың қауіпті факторларының алдын алу (ішімдікті ішуді, темекі шегуді төмендету, дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтануды сақтау), онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу бойынша студенттердің хабардар болуы, скринингтік тексерулерден өту қажеттелігін түсіну болды.
Аталған акцияда сүт безінің обыры онкологиялық ауру қарастырылды. Акция барысында студенттер қауіп топтарымен, алғашқы симптомдармен, әрбір әйел үй жағдайларында өзбетінше жасай алатын диагностикамен, алдын алумен және скринингтік тексерулерден өту қажеттілігімен танысты. Әрқайсымыз скринингтік тексеруден өтуге, спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өзіміздің білімімізбен бөлісіп, өмір сапасын арттыруға мүмкіндігіміз бар. Сол арқылы біз онкологиялық аурулармен күресе аламыз.