«Скажи Да - здоровому образу жизни!» семинар-тренингі
Басты -> Жаңалықтар -> «Скажи Да - здоровому образу жизни!» семинар-тренингі
2019 жылдың 8 ақпанында Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күресу күніне арналған (5-15 ақпан аралығында) «Жизнь без рака!» ұлттық бағдарламасының аясында Қостанай жоғары медициналық колледжінде 1 курс студенттері үшін оқытушы Мурзакулова Г.Ш. «Скажи Да - здоровому образу жизни!» семинар-тренингін өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды. Ақпараттық блокта студенттерге қауіп факторлары және алдын алу шаралары туралы айтылды. Сүт безінің обырының ерте симптомдарын толық талқылады. Муляжда сүт безінің ауруын алдын алудың сенімді әдісі болып табылатын өзін-өзі қалай тексеру керектігі көрсетілді. Семинардың соңында сауалнама жүргізілді. Іс-шара қызықты және танымды өтті. Барлығына – «Ранние признаки рака молочной железы», «Победим рак шейки матки вместе», «Физическая активность и спорт – залог здоровья нации!» және т.б. ақпараттық материалдар үлестірілді.