ҚЖМК бойынша экскурсия


ҚЖМК бойынша экскурсия

2019 жылдың 23 қаңтарында Қостанай жоғары медициналық колледжі «Қостанай қ. №17 орта мектебі» ММ 9 сынып оқушылары үшін экскурсия өткізген болатын.

Экскурсия барысында 9 сынып оқушыларына мамандықтар, оқу үрдісі, колледжде өткізілетін мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар туралы айтылды, сонымен қатар оқу аудиторияларына, зертханаларға, практикалық сабақ кабинеттеріне, кітапханаға, колледж мұражайына, симуляциялық орталық пен анатомиялық мұражайларға кіріп шықты. Оқушыларға колледж мұражайы мен анатомиялық мұражай қатты ұнап, қызу талқыланды.

Оқушыларға экскурсия қатты ұнады: олар қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылармен белсенді әңгіме жүргізді, сонымен қатар қалағандар муляждарды (фантомдарды), медициналық құрал-саймандарды және т.б. ұстап көрді. Оқушылардың бірнешеуі біздің колледжге оқуға түсуді жоспарлауда.

Кездесудің соңында оқушыларға талапкерлерге қатысты барлық ақпарат жазылған буклеттер таратылды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ