"Қазақтың нар ақыны - Фариза" тақырыбындағы қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған шығармашылық кеш



"Қазақтың нар ақыны - Фариза" тақырыбындағы қазақтың ақын қызы Фариза
Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған шығармашылық кеш

2019 жылдың 4 ақпанында Н.Островский атындағы ҚОК 101 м/і тобының студенттерін "Қазақтың нар ақыны - Фариза" тақырыбындағы қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған шығармашылық кешіне шақырды. Жүргізушілер ақынның шығармашылық қызметі жөнінде айтып берді, ал шақырылған студенттер Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара барысында өлеңіне жазылған әндер орындалды, сонымен қатар тақырып бойынша презентациялар және видеороликтер көрсетілді. Ақын және оның шығармалары жайында ұйымдастырылған кітап көрмесіне кітапханашылар аса көңіл бөлді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ