Үздік электрондық портфолио



Үздік электрондық портфолио

31 қаңтарда колледжде аттестатталатын оқытушылардың арасындағы «Үздік электрондық портфолио» конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
1. Оқытушының кәсіби жетістіктерінің материалдарын іріктеу және жүйелендіру.
2. Оқытушы қызметінің нәтижелер мәліметтерінің толық банкін құрастыру.
3. Болашақта педагогикалық ұжымға тарату үшін колледж оқытушыларының құнды тәжірибелерін анықтау.
4. Біліктілік санатына аттестациядан өтетін оқытушылардың материалдарды дайындауға әдістемелік көмек көрсету.
5. Педагогикалық қызметтің инновациялық тәжірибелер базасын қалыптастыру.

Портфолионы бағалау критерийлері
› оқытушының сабақ беретін пәндеріне қызмет жүйесінің сәйкес келуі;
› қызметінің нәтижелілігі;
› оқу жетістіктерінің динамикасы;
› педагогикалық шеберлік пен шығармашылығының деңгейі;
› ұсынылған материалдың әдістемелік құндылығы;
› өзінің қызметіндегі терең кәсібилікке қабілеттілігі;
› педагогикалық үрдістегі оқу ынтымақтастығын мен көңілді қарым-қатынасты ұйымдастыру тиімділігі;
› қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану, соның ішінде жұмыс тәжірибесінде ИКТ;
› ұсынылған материалдың ерекшелігі;
› ұсынылған материалдардың дизайны;
› электрондық портфолионың интерактивтілігі;
› көпшіліктің алдында сөйлеу шеберлігі.

Конкурсқа 10 оқытушы қатысты, соның ішінде арнайы пәндердің, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушылары болды.

Конкурстық комиссияның құрамында болды:
Катпенова С.А. – аттестаттау комиссиясының төрайымы, Қостанай жоғары медициналық колледжінің директоры
Шаповалова И.В. – Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас мейірбикесі
Жарматова А.А. – директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
Гаджиева К.С. – ӘБ меңгерушісі
Шестакова Е.Ю. – БЖБ әдіскері
Мухамеджанова М.А. – әдіскер
Кульмухамбетова Г.Б. – кәсіподақ төрайымының орынбасары

Оқытушылар кәсіби шеберліктің, білімділіктің, құзыреттіліктің, жұмысында тек үздік өнімдерді қолданудың жоғары дәрежесін көрсетті, бұл студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде жоғары табысқа жетуге мүмкіндік береді. Оқытушылар оқытудың заманауи әдістері мен формаларын іріктеу арқылы, соның ішінде ИКТ заманауи технологияларын қолдану арқылы сабақтың жоғары сапасына қол жеткізуде.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталатын болады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ