«Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша ашық практикалық сабақ



«Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша ашық практикалық сабақ

8 қаңтарда арнайы пәндердің оқытушысы Федотова О.В. практикалық денсаулық сақтаумен біріккен 103 «Мейіргер ісі» тобында «Қауіпсіз ауруханалық орта. Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақ БОМ аясында «Қостанай қалалық аурухана» КМК базасында өтті.

Оқу сабағына практика меңгерушісі, әдіскерлер, ЦӘК төрайымы, жаңадан бастап келе жатқан оқытушылар қатысты. Арнайы пәндердің оқытушылары осындай сабақтардың практикалық маңыздылығын атап кетті, себебі студенттер болашақ жұмыс орында болып, нағыз жұмыс орнында практикалық және коммуникативтік дағдыларды меңгеруге мүмкіндіктері бар.

Сабақ барысында оқытушы көбінесе топтық жұмысты қолданды, себебі жағдаяттық тапсырмаларды орындау барысында студенттер көрсеткен манипуляциялар топтық жұмысты қажет етеді, мысалы: пациентті зембілмен тасымалдау, кресло-каталкадан керуетке ауыстыру, каталкадан керуетке және керісінше т.б.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ