Жаңа жылдық марафон



Жаңа жылдық марафон

Нағыз жаңа жылдық марафон Қостанай жоғары медициналық колледжінде 20 желтоқсанда басталды. Осы күні «Детская жизнь не мелочь» акциясы өз жұмысын бастады. Түрлі түсті плакат және шыны колба колледждің бірінші қабатында орналастырылды және студенттер мен қызметкерлер қайырымдылық акциясына өздерінің үлестерін қосты.

Жаңа жылға бір апта қалғанда Аяз ата бастаған ертегі бригадасы қаланың балаларына мереке сыйлады!

Біздің белсенді студенттер көңілді дәрумендерге (Грищенко Юлия және Климентьева Даша) өткен және келер жылдық символдарына айналды: доңыз Пеппа (Усова Мария) және күшік Барбоскин (Байтурсунов Султан) балалармен бірге жаңа жылдық ән салды. Қар патшайымы (Галич Анастасия), мерекені бұзуға бар күшін салды, бірақ балалардың мейірімді көңілдерінің әсерінен ойы іске асқан жоқ. Мерекенің басты кейіпкерлерін Аяз атаны (Адаменко Сергей) және қарша қызды (Славинская Мария) балалар шапалақпен қарсы алды, ал ертегі кейіпкерлері тек қана балаларға ғана емес сонымен қатар ересектерге де ұнады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша біздің студенттер қалалық аурухананың педиатрия бөлімінің балаларына, әлеуметтік серіктестік Қостанай перинаталдық орталық қызметкерлерінің балаларына барды, Қостанай жоғары медициналық колледжінің қызметкерлерінің балаларына арнап ертеңгілік өткізді, ал №5 мектептің кадет сыныбының оқушыларымен жаңа жылдық би кешінде би биледі!

Барлық студенттер жаңа жылды отбасында қарсы алу үшін үйлеріне кетті. Жаңа жылдан кейін оларды тағы бір іс күтуде. «Детская жизнь не мелочь» акциясын аяқтау қажет, мебебі көмекке мұқтаж жандар көп!



              СКАЧАТЬ 2018_12_25 Новогодний праздник - Детская городская больница (176 фото)
              СКАЧАТЬ 2018_12_26 Новогодний праздник - Костанайский высший медицинский колледж (239 фото)
              СКАЧАТЬ 2018_12_27 Новогодний праздник - Костанайский перинатальный центр (247 фото)
              СКАЧАТЬ 2018_12_27 Новогодний праздник - Костанайская Школа № 5 (188 фото)
              СКАЧАТЬ 2018_12_25-27 Новогодние утренники - студенты (234 фото)








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ