«Өзін өзі тану» курсы бойынша ашық сабақ



«Өзін өзі тану» курсы бойынша ашық сабақ

11 желтоқсанда №7 ЦӘК онкүндігінің аясында «Өзін өзі тану» курсы бойынша 103 «Мейіргер ісі» тобында «Өмір құндылықтары» тақырыбында ашық теориялық сабақ өткізілді. Сабақ өзіне және өзінің болашағына жауапкершілікпен қарауды үйрету, өмірде өзін-өзі жан-жақты дамытуға ынталандыру, адамның материалдық және рухани құндылықтары туралы көзқарасын кеңейту мақсатында өткізілді. Сабақ барысында «Саясаттану және әлеуметтану негіздері» және «Психология және коммуникативтік дағдылар негіздері» пәндері бойынша пәнаралық байланыс болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ