«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсы



«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсы

ҚР-ның БҒМ қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 22 қарашасына дейін жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсын өткізген болатын.

Конкурс ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жайында білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді. Конкурсқа барлығы 130 жұмыс келіп түсті. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: 1) «Электронная презентация»; 2) «Видеоролик (видеоклип)».

Ұсынылған жұмыстар келесі шарттар бойынша бағаланды: конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, материалдың инновациялығы, материалдың жетімді болуы, ерекшелік, жұмыстың тиянақтылығы.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Республикалық қашықтық интернет-конкурсының әділ қазылар шешімімен 25 жеңімпаз анықталды, соның ішінде Қостанай жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері бар: Кушербаева А. – 1 орын, Абдуллина А. – 2 орын, Штрипова В. – 3 орын /оқыт. Азтаева А.Т./

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ