Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған үстел теннисі бойынша турнир
Басты -> Жаңалықтар -> Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған үстел теннисі бойынша турнир
2018 жылдың 21 қарашасында Қостанай қаласының колледждері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған үстел теннисі бойынша ҚИНэУ спорт залы базасында турнир өтті. ҚЖМК атынан қыздар және жігіттер құрамында 2+2 құрама командасы қатысты.
Командалар екі шағын топтарға бөлінді - қыздар және жігіттер шағын топтары.
Мед.колледждің жігіттер командасы тартысты ойынның нәтижесінде 5 орынға ие болды. Команда құрамында болды: Васильев Александр – 101 «Стоматология» және Бренчуков Руслан – 101 «Стоматология».
Қыздар командасы өздерінің шағын топтарында бірінші орынға ие болып, финалған шықты. Финалдағы тартысты ойынның нәтижесінде қыздар құрметті екінші орынға ие болды.
ҚЖМК қыздар командасының құрамында ойын көрсетті: Жунусова Замира 304 «Мейіргер ісі» және Вергейчик Наталья 201 «Емдеу ісі»
Екінші орын алған ҚЖМК қыздар командасы құрмет грамотасымен, ал қасысушылар жеке грамоталармен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне
арналған үстел теннисі бойынша турниріне
қатысқан барлық спортшыларға алғыс білдіреміз!
Так держать!!!!!! Медколледж чемпион!!!!! Мы лучшие!!!!!!!