"Ғұлама, ойшыл, азамат" іс-шарасы



"Ғұлама, ойшыл, азамат" іс-шарасы

2018 жылдың 22 қарашасында Л.Толстой атындағы ОӘҒК "Ғұлама, ойшыл, азамат" іс-шарасына 101 емдеу ісі тобының студенттері барып қайтты. Іс-шара ғалым, геологиялық-минералогиялық ғылым докторы, профессор Ақжан әл Машанинің өмірі мен шығармашылығына арналған. Қатысқан қонақтар оның бағалы еңбектері, геологиялық жетістіктері туралы әңгімеледі. Ғалым ұзақ уақыт бойы Әл-Фараби мұрасын зерттеген, сол арқылы біздің бабамыз қазақ екендігі дәлелденген. Ақжан әл Машани туралы, оның оқушылары мен әріптестері туралы ролик көрсетілді. Қостанайлық автор Гумар Ахметчин ғалымға арнаған өзінің шығармасын оқып берді. Сонымен қатар Алматыда "Алатау" баспа үйінде басылып шығарылған 16 томдық әл Машанидің еңбегі таныстырылды және тақырыптық кітаптар көрмесі ұйымдастырылған.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ