«Мир профессий» кәсіптік бағдар жұмысы бойынша 3 аудандық форумға қатысу



«Мир профессий» кәсіптік бағдар
жұмысы бойынша 3 аудандық форумға қатысу

13 қарашада Қостанай жоғары медициналық колледжі Федоров ауданы «Жастар» мәдениет үйінде өткен «Мир профессий» кәсіптік бағдар жұмысы бойынша 3 аудандық форумға қатысты.

Форумның қатысушылары: 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ЖОО мен АОМ-дің өкілдері болды. Ауыл мектептерінің оқушылары оқу орындардың өкілдеріне өз сұрақтарын қойды - грант санынан оқу мен жұмысқа орналасу сапасына дейін.

Өздерінің оқу орындары айту мүмкіндігі 10 ЖОО мен облыс колледждеріне бұйырды. Әрбір оқу орны колледж туралы презентация көрсетіп, мамандықтар жайында айтып кетті. «Мейірбике ісі» мамандығының 2 курс студенттері мемлекеттік тілде презентация, видеоролик көрсетіп, шығармашылық формада таныстырды.

Форум аясында «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеде ақпараттық буклеттер, кітапшалар, арнайы пәндер бойынша қолданылатын макеттер ұсынылды. Мектеп оқушылары ҚЖМК қызметкерлері мен студенттерінен қажетті ақпараттарды алды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ