Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру



Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру

Сапалы білімді дайындалған, білікті оқытушыларсыз алу мүмкін емес. Колледжде оқытушылардың біліктіліктерін арттыруға, оқытушылардың өзінің практикасында жаңа технологияларды қолдауына, соның ішінде студенттердің білімін бағалауға көп көңіл бөлінеді, себебі осы фактор білім алушылардың білім деңгейіне тікелей қатысты.

2 қарашада арнайы пәндердің оқытушысы, №3 бөлім меңгерушісі Стокоз О.С. «Студенттерді бағалау» мастер-класын өткізді. Бұдан бұрын Оксана Сергеевна Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 12 қазанына дейін «Продвинутый курс тренеров медицинской организации образования по оценке студентов» циклы бойынша оқуға барып келген болатын.

Колледж оқытушыларының біліктіліктерін арттыруда оқытушыларды каскадты әдісімен оқыту жүйелі және жөнделген үрдіс болып қалыптасуда.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ