103 м/і тобының студенттері Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты



103 м/і тобының студенттері Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты

2018 жылдың 9 қарашасында 103 м/і тобының студенттері 1991 жылы 150 жылдығына орай ашылған Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты. Мұражай қызметкері экскурсия барысында ұлы қазақ педагог-ағартушысының өмірі мен педагогикалық қызметі жайында нақты ақпарат берді. Студенттер Қазақстандағы халықтық білімнің қалыптасу және даму жүйесі тарихы жайында, мұрағаттық құжаттар жинақтамасымен, 19,20,21 ғасырлардағы оқулықтармен, фотосуреттермен, сонымен қатар өлкеміздің танымал адамдарының материалдарымен танысты. Мұражайда Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, мектебінің үлгісі, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Студенттер Ы.Алтынсариннің туысы Қазақстанның жазушысы М.Хакімжанованың шығармаларының жинақтамасымен, алтынсарин мектебінің түлектерінің материалдарын көрді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ