2018 жылдың 01 қарашасында мектеп оқушыларына арналған экскурсия өтті
Басты -> Жаңалықтар -> 2018 жылдың 01 қарашасында мектеп оқушыларына арналған экскурсия өтті
Күзгі мектеп демалысы кезінде Қостанай жоғары медициналық колледжіне «М.Қозыбаев атындағы №23 ОМ» ММ 10 сынып оқушылары келіп қайтты.
Экскурсия барысында оқушыларға симуляциялық кабинеттер, оқу аудиториялары және зертханалар, кітапхана, «Түлектер тақтасы», сонымен қатар колледждің анатомиялық және тарихи мұражайы көрсетілді.
Мектеп оқушыларына колледж бойынша экскурсия ұнады, оқытушыларға сұрақтарын қойып, белсенді әңгіме жүргізді, фантомдарда манипуляциялар жасап көруге тырысты.
Оқушылар колледждің атмосферасына қызыққандары сондай, өздерін меддколледж студенттері ретінде сезіне бастады. Көбісі осы колледжге студент ретінде қайтып келеді деп үміттенеміз.
Кездесудің соңында балаларға талапкерлерге арналған толық ақпарат жазылған буклеттер ұсынылды.