"Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу " медициналық дәрісі



"Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу " медициналық дәрісі

2018 жылдың 30 қазанында сағат 15.00 де Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімі Қостанай облыстық ауруханасының дәрігер-кардиологы Болат Сайлаубекович Канапиннің «Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу» медициналық дәрісін ұйымдастырған.

Жүрек-қантамыр ауруы (ЖҚА) - жұмысқа қабілетті тұрғындардың арасындағы өлімнің негізгі себебі, өлім шамамен 50% құрайды.

Болат Сайлаубекович аурудың пайда болу қауіптері және олардан қалай сақтану керектігі жайында айтып кетті. Дәріс барысында Қостанай медициналық колледжі студенттерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға арнайы "Здоровье - дело общее" кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ғылыми-танымал медициналық оқулықтар ұсынылған. Іс-шараның соңында қалыптасқан дәстүр бойынша шақырылған қонақ Болат Сайлаубекович Канапинмен суретке түсті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ