«Ұлттық валютаның енгізілгеніне 25 жыл»
Басты -> Жаңалықтар -> «Ұлттық валютаның енгізілгеніне 25 жыл»
25 қазанда Л.Толстой атындағы кітапхана қызметкерлері колледж студенттері үшін ұлттық валюта - теңгенің қалыптасу тарихымен таныстыру және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды, Отаныны деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында «Ұлттық валютаның енгізілгеніне 25 жыл» атты іс-шарасын өткізді. Слайд арқылы 1993 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің пайда болу тарихы туралы әңгімеледі. Алғашқы қағаз ақшалар мен тиындар көрсетілді. Сонымен қатар облыстық кітапхана қызметкерлері ұлттық валютаның пайда болуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан суретшілер мен дизайнерлер туралы айтып кетті.