«Монгольские завоевания и образование улусов»
Басты -> Жаңалықтар -> «Монгольские завоевания и образование улусов»
«Емдеу ісі» мамандығының бірінші курс студенттері «Монгольские завоевания и образование улусов» тақырыбындағы сабақта орта ғасыр сарбазының қару-жарағымен танысты.
Сабақ «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Азтаева Алма Турегалиеваның кіріспе дәрісінен басталды. Оқытушы Моңғол империясының қалыптасуы туралы, оның негізін қалаушысы Шыңғыс хан және моңғолдардың Қазақстанға жорықтары туралы әңгімеледі. Бір уақытта аудиторияға студент Ярославцев Валентин кіріп келді. Бұл студенттерге тосын сый болды, себебі Валентин орта ғасыр сарбазының костюмінде болды. Ярославцев Валентин "Клуб исторической реконструкции "Temir Tumen" қоғамдық бірлестігің мүшесі.
Клуб 2013 жылы құрылған. Клуб түрік халқының сауыт-саймандарын, қару-жарақтарын, костюмдерін қайта құрумен айналысады. Клубтың негізгі бағыттары: Орта Азия (XIV-XV ғасыр, Алтын Орда, Шағатай ұлысы, Тамерлан Империясы, Моғолстан) және Орта Азия (XV- XIX ғасырдың аяғы, Қазақ хандығы). Қалаларды 4 бөлімдері бар: Қостанай, Алматы, Астана, Петропавл. Сонымен қатар клуб ТМД елдерінің аймағында өтетін турнирлер мен фестивальдерге белсенді қатысады. Аталған қоғамды - Евгений Сухотин басқарады.
Аталған сабақ «Емдеу ісі» мамандығының студенттері үшін мәңгі естерінде қалады. Себебі олар орта ғасыр сарбазының костюмін көріп қана қоймай, өздері киіп көрді. Осылай орта ғасыр жауынгерін елестетіп, тарихқа көз жүгірттік.