«Предупредить. Защитить. Привить» ұранымен спорттық іс-шарасы
Басты -> Жаңалықтар -> «Предупредить. Защитить. Привить» ұранымен спорттық іс-шарасы
ұранымен спорттық іс-шарасы
2018 жылдың 18 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А.С.Журперов және А.В.Шелег «Предупредить. Защитить. Привить» ұранымен 103 «Мейіргер ісі» және 101 «Мейіргер ісі» топтарымен спорттық іс-шарасын өткізді.
Жарыстың бағдарламасы:
1. Доппен жүгіру.
2. Баскетбол добын жоғарыдан беру.
3. Допты жоғарыдан және төменнен беру.
4. Секіртпемен тосқауылға дейін және кері жүгіру.
5. Шеңбермен тосқауылға дейін және кері жүгіру.
6. Допты екі аяқтың ортасына қысып тосқауылға дейін және кері жүгіру.
7. Баскетбол добын тосқауылға дейін және кері алып жүру.
8. Футбол добын аяқпен тосқауылға дейін және кері алып жүру.
9. Баскетбол добын отырып жоғарыдан беру.
10. Қайталамалы жүгіріс.
Жарыстар жоғары деңгейде өтті. Қызықты тартыста 15:13 есебімен 103 «Мейіргер ісі» тобы жеңіске жетті.