«Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттерінің «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК-на экскурсиясы



«Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттерінің
«Қостанай перинаталдық орталығы» КМК-на экскурсиясы

2018 жылдың 9 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттері «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК-на экскурсияға барып қайтты. Студенттер үшін экскурсияны бас акушер И.В.Чадова жүргізді, ол Қостанай перинаталдық орталық - Қостанай облысының ең үлкен босандыру мекемесі болғандықтан, перинаталдық орталықтың жұмысы мен миссиясы туралы айтып берді. Ирина Владимировна студенттерді босану бөлімдерімен, босанудан кейінгі палаталармен, консультациялық-диагностикалық бөліммен, операциялық және басқа да бөлімдермен таныстырды. Ирина Владимировна акушер жұмысы қызықты, жауапты және мәртебелі екендігін айтып кетті. Өйткені акушер жаңа өмірдің дүниеге келуіне себепкер болады. Нәрестенің дүниеге келуі тек қана медициналық үрдіс емес. Ол отбасындағы ең маңызды сәттердің бірі!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ