«Все самое лучшее и для вас!» концерті


«Все самое лучшее и для вас!» концерті

Қарттар күніне орай Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері «Все самое лучшее и для вас!» атты атаумен мрекелік концерт ұйымдастырды. Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке қарсаңында мәжіліс залына колледждің тарихына ерекше үлес қосқан жандар жиналды. Қонақтар бір-бірімен қуана көрісіп, осы кезге дейінгі өмірлерінде болған қызықты өзгерістермен бөлісті. Студенттер алдыңғы қатар өкілдеріне бір жыл ішінде қандай өзгерістер болғаны жайында әңгімелеп, студенттер мен педагогтардың әртүрлі конкурстар мен жарыстарда жеңіп алған кубоктары мен мақтау қағаздарын мақтанышпен көрсетті!

Виртуалды фотоальбомды қарап отырып, жүргізушілер қызықты іс-шаралар жайында әңгімелеп, ал көрермендер соны дәлелдейтін суреттерге куә болды.

Іс-шара мерекелік шай ішумен аяқталды!!!









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ