Қостанай медициналық колледжінің студенттері «Special Olympics Kazakhstan» еріктілері атанды


Қостанай медициналық колледжінің студенттері
«Special Olympics Kazakhstan» еріктілері атанды 

2018 жылдың 1-2 маусымында «Спешиал Олимпикс Казахстан» ҚБ республикалық турнирдің аясында жеңіл атлетика бойынша Қостанайда «Здоровый атлет» бағдарламасы бойынша қатысушылардың скринингі өтті. «Спешиал Олимпикс» ҚБ - республикалық қайырымдылық спорттық ұйым, ұйымның негізгі мақсаты ақыл-есі дамуының бұзылысымен адамдарға спорттық іс-шараларға қатысу арқылы қоғамның мүшесі болуға көмектесу болып табылады.

Скринингке Аламаты қаласынан дәрігерлер және «Мейіргер ісі» бөлімінің 103, 201 және 202 тобы, 201 «Лабораториялық диагностика», 201 «Стоматология» топтары қатысты. Аталған жобаға колледждің 40 студенті қатысты. Ерікті студенттер ауруларды, ауытқуларды ерте кезеңде анықтауға көмектесті, сонымен қатар салауатты өмір салты мен гигиена жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер «Здоровые улыбки», «Здоровые уши», «FunFitness» сияқты әртүрлі станцияларда жұмыс істеді.

Студенттерге өз міндеттерін жақсы атқарғандары үшін іс-шараны ұйымдастырушыларының атынан алғыс сөздері айтылды!

Аталған іс-шараның арқасында мамандықтарын дұрыс таңдағандарына тағы да көздері жеткен!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ