«Қазақстан Республикасының жедел көмек қызметін оңтайландыру жағдайларында фельдшерлерді дайындау» тақырыбындағы дөңгелек үстел


«Қазақстан Республикасының жедел көмек қызметін оңтайландыру жағдайларында фельдшерлерді дайындау» тақырыбындағы дөңгелек үстел 

«Емдеу ісі» мамандығының ОӘБ жоспарына сәйкес 2018 жылдың 31 мамырында 11.00 де Қостанай медициналық колледжінің базасында online режимінде «Қазақстан Республикасының жедел көмек қызметін оңтайландыру жағдайларында фельдшерлерлі дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тақырыпты талқылауға 22 медициналық колледж қатысты. Қатысушыларға сәлемдесу сөзімен колледж директоры С.А.Катпенова сөз сөйледі. Жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас «Емдеу ісі» мамандығының студенттерінің дайындық сапасын арттыру шарттарының бірі туралы «Емдеу ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі С.П.Бузина сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге медициналық ұйымдардың келесі өкілдері қатысты:

1.Штейгервальд Ирина Анатольевна – Қостанай облысының жедел медициналық көмек көрсету станциясының бас дрәгері жедел көмек қызметін оңтайландыру сұрағы бойынша сөз сөйледі. Фельдшерлерді дайындау сапасына, білім беру бағдарламасының мазмұнындағы өзгерістерге көңіл аударды.

2.Мещанов Сырлыбек Турсунович - Қостанай облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары. Қабылдау бөліміндегі фельдшерлердің жұмысы туралы айтып кетті.

3.Земцова Татьяна Борисовна – Қостанай қ. №4 емхана бас дәрігерінің орынбасары. Студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық технологияларды жетілдіруге назар аударды.

4.Стасин Сергей Владимирович – Қостанай облысының жедел медициналық көмек көрсету станциясының аға фельдшері. Медициналық құрал жабдықпен жұмыс істеу дағдыларына, ЭКГ талдауға, «КОМЕК» жедел медициналық көмек қызметінің автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істеуге тоқтады.

Талқылауға колледждің арнайы пәндерінің оқытушылары белсенді қатысты.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ