Біліктілікті арттыру курстары


Біліктілікті арттыру курстары

«Медициналық білім мен ғылым жаңғырту» жобасының Жол картасын жүзеге асыруға сәйкес Қостанай медициналық колледжі қазіргі таңда Жоғары медициналық колледжге қайта құру туралы жұмысты жүргізуде. Мейіргер ісі реформасының үйлестіру механизмдерін құрастыру және енгізу бойынша тапсырмаларды орындау аясында 2018 жылдың сәуірінде ҚР-ның денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық колледждерінің өзін-өзі бағалау бойынша есептің негізінде құрастырылған Комиссия қорытындысының негізінде, «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК «талаптарға толық сәйкес келеді» деген баға беру шешілген болатын. Аталған баға колледждің мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша білім беруді жүзеге асыруға толық дайындығын дәлелдейді.

Осылай, колледжді бітіргеннен кейін мейірбикелердің білім деңгейлері алдағы тәжірибені тану үшін ыңғайлы білім беру жолын құрастырумен қолданбалы бакалавриат деңгейіне дейін көтерілетін болады (орта білімнен кейін: мамандығы бойынша 3 жыл және одан да көп тәжірибесі барларға оқыту мерзімі 1 жыл 6 ай).

Қазақстан және Қостанай облысы үшін мейірбике ісінің дамуы білім берудің барлық деңгейінде дамуы, халықаралық стандарттар деңгейінде білім сапасын бақылау, институт практикасына әртүрлі қызметтік позицияларымен мейірбике ісінің мамандарын енгізу, сонымен қатар ұрпақтың сабақтастығын дамыту үшін маңызды «менторлық» (тәлімгерлік) университетін енгізу дегенді білдіреді.

Осыған байланысты Білім беру қызметінің жаңа кезеңіне сапалы өту мақсатында 2018 жылдың 28.05-01.06 аралығында Қостанай медициналық колледжінің әкімшілігі мен оқытушылары жұмыс орнында ұйымдастырылған ШЖҚ-дағы Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» МКК-ның біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Курстың тақырыптары:  
1. «Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізу бойынша өзекті сұрақтар»
2. «Менторларға арналған білім беру бағдарламасы»

Курсты JAMK және Lahti қолданбалы ғылым университетінің базасында Финляндияда дайындықтан өткен оқытушылар Кадышева И.В. Нурмагамбетова Ж.А. жүргізді.

Курстың барысында келесі сұрақтар қозғалды:

1. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша жалпы ақпарат.
2. Қазақстандағы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат студенттерінің клиникалық практикасы жөніндегі басшылық.
3. Қазақстандағы мейіргер ісі бойынша менторларды дайындау бағдарламасы.
4. Мейіргер ісінің (5 деңгей) қолданбалы бакалавриат дәрежесі деңгейіндегі бағалар, соның ішінде дипломдық жұмыстың критерийлері және т.б.

Курстың соңында тыңдаушылар біліктілік арттыру туралы Куәлікке ие болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ