«WorldSkills стандарттарының негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру. Кәсіби білім берудің озық технологиялары (Беларусь Республикасының тәжірибесі)» Минск қ.
Басты -> Жаңалықтар -> «WorldSkills стандарттарының негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру. Кәсіби білім берудің озық технологиялары (Беларусь Республикасының тәжірибесі)» Минск қ.
«Қостанай медициналық колледжі» МКҚК директоры С.А.Катпенова 2018 жылдың 21 мамырынан 25 мамырына дейін «WorldSkills стандарттарының негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру. Кәсіби білім берудің озық технологиялары (Беларусь Республикасының тәжірибесі)» тақырыбы бойынша Минск қ. біліктілікті арттыру курсынан өтті. Біліктілікті арттыру курсының аясында Минск және Беларус мемлекеттік медициналық колледждерімен, сонымен қатар Беларус дипломнан кейінгі білім берудің мемлекеттік медициналық академиясымен серіктестік туралы келісім шарт жасалынды. Сонымен қатар Беларус мемлекеттік медициналық университетінің «Стоматология» кафедрасына барып, «Дантист» және «Тіс технигі» біліктілігімен мамандардың жұмысымен, дәрігер-стоматологтарды дайындау барысымен танысып қайтты. ІІІ «WorldSkills Belarus 2018» кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсына 37 құзырет бойынша қатысқан. Конкурсқа Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының студенттері қатысқан. 24 мамырда «Новые профессиональные компетенции: подготовка кадров в условиях изменяющихся технологических укладов» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.