«Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің реформасы» тақырыбындағы жұмыс жиналысы
Басты -> Жаңалықтар -> «Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің реформасы» тақырыбындағы жұмыс жиналысы
2018 жылдың 29 мамырында Қостанай облыстық аурухана базасында «Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің реформасы» тақырыбында жұмыс жиналыс өтті. Жиналысқа Қостанай қ. мен Қостанай облысының медициналық ұйымдарының өкілдері, «Шарапат» ҚБ мүшелері, Арқалық және Қостанай медициналық колледждерінің арнайы пәндерінің оқытушылары қатысты. Сәлемдесу сөзімен «Қостанай облыстық аурухана» КМК бас дрәгері, м.ғ.к. Ю.С.Моисеев және Қостанай медициналық колледжінің директоры, «Шарапат» ҚБ президенті, «Қазақстан медициналық колледждер Одағы» ЗТБ мүшесі С.А.Катпенова сөз сөйледі.
Жиналыс барысында «Қазақстан медициналық колледждер Одағы» ЗТБ басқармасының төрайымы, м.ғ.д. Ж.С.Шалхарова таныстырған Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісін реформалаудың өзекті сұрақтары талқыланды. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасының «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК-ның Жоғары медициналық колледжіне қайта құрылуы туралы директордың оқу жұмысы жөніндегі оырнбасары А.А.Жарматова баяндап берді. «Емдеу ісі» мамандығы бөлімінің меңгерушісі С.П.Бузинаның баяндамасы оқытудың жеделдетілген траекториясы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының қолданбалы бакалавриатпен таныстыруға арналды.
Шаповалова И.В., «Қостанай қалалық аурухана» КМК бас дәрігері, медициналық колледжінің педагогикалық кеңесінің мүшесі, «Мейірбике - оқытушы» клубының мүшесі «Әлеуметтік серіктестік орта медициналық қызметкерлерді дайындауды жаңғырту факторы ретінде» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.
Жиналыстың қорытындысы бойынша бас және аға мейірбикелер Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының және Қостанай медициналық колледжі директоры С.А.Катпенованың атынан құрмет грамоталарымен марапатталды, ал медициналық колледждің студенттері көңілді концерттік бағдарламамен жиналғандарды қуантты.