«Милосердие» үйірмесі және «Я за здоровый образ жизни!» ұлттық бағдарламасы жасөспірімдердің бейімделу орталығында.
Басты -> Жаңалықтар -> «Милосердие» үйірмесі және «Я за здоровый образ жизни!» ұлттық бағдарламасы жасөспірімдердің бейімделу орталығында.
«Милосердие» үйірмесі және «Я за здоровый образ жизни!»
ұлттық бағдарламасы жасөспірімдердің бейімделу орталығында.
15.05.2018 жылы «Милосердие» үйірмесі жетекшісі Л.В.Глушко 104 мейіргер ісі және 101 фармация топтарымен бірлесіп жасөспірімдердің бейімделу орталығына барып қайтты. Аталған іс-шара «Я за здоровый образ жизни!» ұлттық бағдарламасына арналған, бағдарламаның мақсаты оқушылардың денсаулықты нығайту бойынша білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстауға бейімдеу болды.
Біздің іс-шара дұрыс тамақтануды, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттауға арналды. Себебі аз қозғалу денсаулыққа кері әсерін тигізеді және аурулардың өршуіне себеп болады.
Үйірменің студенттері белсенді жаттығулар және қызықты ойындар өткізді.
Іс-шараның соңы 101 фармация тобының студенттері Исаева Ару және Арайлым Ембергенова ұйымдастырған шай ішумен аяқталды. Үйірме жетекшісінің атынан көмектескен студенттерге және үйірме еріктілеріне алғыс білдіремін!