«Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы


«Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі»
мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы

2018 жылдың 30 сәуірінде «Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы өтті. Конкурсқа үшінші курс студенттері командамен қатысты, екінші курс ұйымдастырушы болып, бірінші курс көрермен болды.

Әділ қазылар ретінде шақырылды:
1. Әділ қазы төрайымы Жарматова Айнагуль Алтынбаевна – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
2. Заболотникова Надежда Семеновна – ЦӘК төрайымы, балалар ауруларының оқытушысы
3. Барабан Анастасия Александровна – ЦӘК төрайымы, мейіргер ісінің оқытушысы
4. Асанова Марьям Каримовна –акушер дәрігер – гинеколог, акушерия оқытушысы.
5. Мурзакулова Гульжан Шадаевна – валеология оқытушысы.

Командаларға келесі тапсырмалар берілді:
I кезең  – өздерін таныстыру «Мен және менің болашақ мамандығым»

II кезең  – «Отбасын жоспарлау» тақырыбы бойынша видеоролик конкурсы
III кезең  – теоретиялық тур, акушерия, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар бойынша - блиц – турнир, және Қостанай қаласының денсаулық сақтау мамандарының видео-сұрақтары..
IV кезең  – «Искусные руки», процедуралық, балалар және акушерия үш кабинетке бөлінген манипуляциялық залдағы үздік практикалық дағдыны меңгерген қатысушы анықталды.

Қатысушыларды келесі манипуляцияларда бағаланды: 
1. Тамыр ішіне енгізу техникасы - Барабан Анастасия Александровна.

2. Жаңа туған баланың таңертеңгі дәретханасын жүргізу - Заболотникова Надежда Семёновна

3. Іш пальпациясы (Леопольд Левицкийдің 4 әдісі) - Асанова Марьям Каримовна.

IV кезеңде командаларға Quizlet.live.ойыны ұсынылды

Көңіл-көтеру кезеңіне -Султанов Ораз және ҚМК «Адреналин» фитнес тобы шақырылды.

 

«Үздік акушер» кәсіби конкурсының жеңімпаздары атанды:

І дәрежелі диплом – Судоргина Аксинья

ІІ дәрежелі диплом – Абрамова Светлана

ІІІ дәрежелі диплом – Исмаилова Лаура









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ