«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың құрылуына жиырма жыл» тақырыбы бойынша студенттер арасындағы бірыңғай ақпараттық сағат


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың құрылуына жиырма жыл»
тақырыбы бойынша студенттер арасындағы бірыңғай ақпараттық сағат

16 наурызда колледжде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың құрылуына жиырма жыл» тақырыбы бойынша студенттер арасында бірыңғай ақпараттық сағаттар өткізілді.

Ақпараттық сағаттар 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, «100 нақты қадам» Ұлттық бағдарламасының сұрақтарына және жалпы жемқорлықты жоюға бағытталған еліміздің жалпы саясаты туралы әңгімелер қозғалды.

Сонымен қатар топ кураторлары 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларында жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы түсіндіріп кетті.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, студенттердің академиялық адалдықты ұстануды қалыптастырады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ