Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс


Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс

7 наурызда Қостанай медициналық колледжінің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараның басында жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушысы Г.Б.Кульмухамбетова қатысушыларды Президенттің халқына жолдаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасымен» таныстырып өтті.

Барлық қатысушыларды колледж директоры Катпенова Сауле Атантаевна құттықтап, барлығына көктемгі көңіл-күй мен жұмыста табыс тіледі!

Мерекелік іс-шара Қостанай медициналық колледжінің бозбала-студенттері ұйымдастырған концертпен жалғасты.

Басты жүргізушілер: Григорян Рафик және Дюсекеев Адильхан барлығына әдемі өлең жолдарын, әзілдер сыйлады. Мерекелік концерт алуан түрлі концерттік номерлермен жалғасты: жеке және квартет болып ән салғандар Шакманов Мурат, Радочин Павел, Султанов Жансерик, Петрушин Юрий.

Алғашқы рет ұжымның алдында бірінші курс студенттерінен құралған «Внуки Гиппократа» КВН комадасы өнер көрсетті. Залда отырғандарға жақсы көңіл-күй мен күлкі сыйлады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ