«Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі» Қостанай медициналық колледжінде оқиды!


«Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі»
Қостанай медициналық колледжінде оқиды!

02.03.2018 ж Омбы медициналық университеті жанындағы колледжде халықаралық қатысумен «Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі» кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Конкурс екі кезеңнен болды: ішкі және сыртқы. Сырттай кезеңде «Лабораториялық диагностика» мамандығының 3 курсының студенттері Нагашпаева А., Горобец Е., Сенин А. қатысты. Елизавета ең жоғарғы 85 балл жинап, Омбы қаласында Қостанай медициналық колледжінің атынан ішкі кезеңге қатысты.

Іштей турдың кезеңдері:

«Зову в профессию мою» шығармашылық презентация конкурсы

«Я - специалист» конкурсында қатысушылар бірдей практикалық тапсырмалар орындады: ПМ 04 зертханалық микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулерді жүргізу, ПМ 06 зертханалық санитарлық-гигиеналық зерттеулерді жүргізу, ұсынылған концентрация бойынша дезинфекциялау құралын әзірлеу, әрбір практикалық тапсырманы орындау - уақыт шектеулі.

Екі конкурстың қорытындысы бойынша Горобец Елизавета 1 орынға ие болды! Елизаветаны және оны дайындаған оқытушылар Сулейменованы Б.К., Жарматованы А.А., Стокозды О.С., Шаповаловты Б.В. құттықтаймыз!

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ