Шұғыл жедел медициналық көмек станциясындағы дублер күні


Шұғыл жедел медициналық көмек станциясындағы дублер күні

27 ақпанда алғаш рет «Қостанай шұғыл жедел медициналық көмек станциясы» МКҚК Қостанай медициналық колледжімен бірлесіп дублер Күнін өткізді. «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттері жедел көмек станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс күнін өткізді. Ең алдымен станция бойынша экскурсия өткізілді. Содан кейін аға фельдшер мамандандырылған көліктің құрылысымен, медициналық жабдықтармен таныстырды. Студенттер әртүрлі қызметтерді атқарды - диспетчерлермен бірлесіп қоңыраулар қабылдады, бригадалармен бірге шақыртуларға барды. Өздерін аға фельдшер, тіпті бас дәрігердің орнында сезініп көрді. Студенттер жедел көмек жұмысының бағытымен таныс болды және «Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым ба?» деген сұраққа жауаптарын алды. Аталған іс шара студенттердің колледжде табысты оқуына жақсы мотивация болатыны анық.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ