Н.Ә.Назарбаевтың «Эра Независимости» кітабымен танысу


Н.Ә.Назарбаевтың «Эра Независимости» кітабымен танысу

2018 жылдың 7 ақпанында Қостанай медициналық колледжінде бірінші курс студенттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Эра Независимости» кітабымен танысты.

Кітапты «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Тулетаев Ерлан таныстырды. Өз сөзінде кітаптың негізгі мазмұны - бұл біздің тәуелсіздігіміздің энциклопедиясы екендігін атап өтті. Бұл кітап біздің өміріміздің барлық кезеңін қамтиды: саясаттық және экономикалық кезеңнен рухани жаңғыруға дейін. Еліміздің барлық үш жаңғырудың сәттері осы кітапта жазылған. Кітапта Тәуелсіздік жылдары қазақстанның қолжеткізген негізгі 33 басты нәтижелері туралы баяндалған. Бұл заманауи мықты мемлекеттік тұрғызу; халықаралық-құқықтық мемлекеттік шекараны рәсімдеу ұлтаралық келісімнің үлгісі; Семей ядролық полигонның жабылуы; нарықтық экономиканы жаңадан құру; жеке валюта-теңге; жаңа астаны құру; замануи Қарулы Күштерді құру; кең көлемдегі инновациялық индустрияландыру; ОБСЕ мен басқа да мәртебелі халықаралық ұйымдарда өкіл болу; «Қазақстан-2030» стратегиясын уақытынан бұрын жүзеге асыру; EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу және басқа да қазақстандықтар мақтанатын еліміздің жетістіктері. Кітапта қазақстандық даму үлгісі анық көрсетілген, оның эволюциясы, негізгі принциптері, механизмдері және қозғаушы күштері баяндалған. Қазақстанның жаңғыруының үш кезеңі кең көлемде қарастырылған. Бірінші және Екінші жаңғырудың арқасында нарықтық экономиканы құру және тоталитарлық жүйені дұрыстау, әлемдегі бәсекеге қабілетті үздік 50 елдің қатарына кіру мерзімнен бұру кіру жүзеге асырылды.

«Эра Независимости» кітабы оқытушылардың ғана емес, студенттердің де қызығушылығын оятты. Бірінші курс студенттері «Қазақстан тарихы» курсының «Тәуелсіз Қазақстаннның тарихы» модулін Президенттің кітабы бойынша өтетін болады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ