Әйелдің репродуктивтік денсаулығы


Әйелдің репродуктивтік денсаулығы

06.02.2018ж. 1 курс студенттері үшін «Әйелдің репродуктивті денсаулығы» тақырыбнда іс-шара өткізілді. Репродуктивті денсаулықтың тақырыптары, репродуктивті денсаулық түсінігі, ЖЖЖИ алдын алу, контрацепция, қалаусыз жүктілікті ескерту тақырыптары ашылып, репродуктивті денсаулықты жаз кезден қалай сақтап қалуға болатыны жайлы, гигиеналық шаралар, жүктілікті жоспарлау сияқты мәліметтерден хабардар болды.

Нәзік жандылар үшін, денсаулық пен ұзақ ғұмырды сақтау үшін пайдалы кеңестер:
1) үнемі дәрігерге көріну (жылына 2 рет);
2) үйлестірілген тамақ (ДСМ сақтау);
3) толыққанды ұйқы (тәулігіне 8 сағаттан кем емес);
4) зиянды әрекеттерден аулақ болу;
5) жеке гигиена ережелерін сақтау;
6) жан тыныштығын сақтау;
7) кездейсоқ байланыстардан бас тарту.

Репродуктивті денсаулық – ұрпақты дүниеге әкелудегі және отбасындағы психосексуалдық қатынастағы толық физикалық, саналық және әлеуметтік табысты жағдай.

Репродуктивті денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1) жыныстық қатынасты ерте жастан бастау;
2) жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың көп пайызы;
3) ерте жүктілік;
4) ішімдік ішетін пен шылым шегетін көп көлемдегі жас жігіттер;
5) түсік тастау;
6) жеке жыныс гигиенасын сақтамау.

Репродуктивті денсаулықты сақтау шарттары: 1) жоспарланбаған жүктіліктен сақтану;
2) ЖЖЖИ алдын алу;
3) барлық ЖЖЖИ дұрыс емдеу;
4) СӨС сақтау;
5) жүктілікті жоспарлау;
6) иммунитетті нығайту;
7) жеке жыныс гигиенасын сақтау.

Біздің әңгімеміз гинекология, әйелдің репродуктивті денсаулығының проблемаларынан сақ болуға бағытталды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ