«Тесттерді құрастыру методологиясы» тақырыбындағы оқытушыларға арналған оқыту семинары


«Тесттерді құрастыру методологиясы»
тақырыбындағы оқытушыларға арналған оқыту семинары

21-22 желтоқсанда Қостанай медициналық колледжінде оқытушыларға арналған «Тесттерді құрастыру методологиясы» тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинарға 56 оқытушы қатысты, олар 2 күн бойы медициналық білім беру бағытын ескере отырып, әртүрлі деңгейдегі тесттерді құрастыруды үйренді.

Семинарды өткізу үшін жоғары санатты дәрігер, медициналық ғылымдар кандидаты Мендешева Гульнара Габдрахимовна шақырылды.

Семинар негізгі құзыреттілік пен білімді анықтауға мүмкіндік берді, соның ішінде:
- денсаулық саласындағы болашақ мамандардың құзыреттіліктерін бағалаудың құралдары мен методологиясын құрастыру;
- клиникалық дағдыларды және когнитивтік ойлауды бағалау үшін емтихандық материалды сараптау;
- халықаралық тәжірибені ескере отырып, құзыреттіліктерді бағалау бойынша жаңа есептерді құрастыру;

Сонымен қатар келесі бағыттарда сұрақтар ұсынылды:
- озат елдердің тәжірибелерін зерделеу;
- медициналық білім беру ұымдарының түлектерінің құзыреттіліктерін бағалау нәтижелерін талдау амалдары.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ