«Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол» жобаларды қорғау конкурсы


«Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол» жобаларды қорғау конкурсы

28 қарашада колледж аясында «Толеранттылық-бейбітшілікке апаратын жол» жобаларды қорғау конкурсы өткізіліді. Конкурстың мақсаты - толеранттылықтың әлеуметтік нормаларын қалыптастыру және енгізу проблемаларын шешуге бағытталған жобаларды анықтау және қолдау.

Бірінші курстың 8 тобы өздерінің ойларын жобаларында көрсетті. А.С.Дандыбаев және Д.Б.Мухтарова әзірлеген конкурстың ережесіне сәйкес конкурс қатысушылары өздерінің жобаларында қоғамға толенттылықты көрсететін іс-шаралар жобасын көрсету керек болатын. Қатысушылардың жұмыстары Жарматова А.А., Русинова Е.А., Гаджиева К.С., Сулейменова Б.К., Сулейменова С.Б. құрамда болған әділ-қазылар мен қатысушылардың алдында тыңдалды.

Әділ-қазыларға жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты, себебі ұсынылған барлық жобалар қоғамға қажетті, өзекті және креативті. Конкурстың соңында көрермендер арасында дауыс беру жүргізілді, нәтижесі әділ-қазылардың шешімімен сәйкес келді. Осылайша, конкурста үздік жобалар болып «Вместе мы сможем» 101 м/i тобы, «Подари радость детям» 102 м/і тобы, «толерантный час» группы 101 стом. тобы анықталды. Аталған жобалар 2017-2018 оқу жылында студенттер мен оқытушылар күшімен жүзеге асырылатын болады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ